Астанада Сарайшық көшесі мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысы жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл шектеу 2 тәулікке жалғасады

Фото: Azattyq Rýhy

Астанада 19 шілде сағат 21:00-ден бастап 21 шілдеге дейін Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысы толығымен жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ-нің мәліметінше, бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы сол жағымен бір бағытта ғана жүзеге асырылады.

Аталмыш учаскеге жоғарғы қабатты төсеу бойынша жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіледі.

«Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ хабарламасында.