Ақтөбе облысында «инватакси» қызметтерін көрсету саласында бұзушылықтар анықталды

Azattyq Rýhy

Прокуратураның шараларымен заң бұзушылықтар жойылды

Ақтөбе облысында «инватакси» қызметтерін көрсету саласында бұзушылықтар анықталды
Фото: otyrar.kz

Алға ауданының прокуратурасымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметіне мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін қызмет көрсету бойынша талдау жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Талдау барысында, 1 топтағы мүгедектер санаты бойынша 67 адамға және мүмкіндігі шектеулі балаларға «инватакси» қызметтерін көрсету саласында бұзушылықтар анықталды.

«Мысалы, тасымалдауды қамтамасыз ететін көлік құралы көтеру механизмімен немесе көлік құралына кедергісіз кіруге арналған құрылғымен жабдықталмаған. Прокуратураның шараларымен заң бұзушылықтар жойылып, Алға қаласына көтергіш механизммен жабдықталған «Инватакси» көлігі берілді», - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісімен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.