18.07.2024, 20:06
Жаңалықтар
Биыл «Атырау-Астрахан» күре жолы қолданысқа беріледі
Қазір бұл жолмен тәулігіне 5 мыңға жуық автокөлік өтуде
Фото: Көлік министрлігі
Жолды көлікпен жүріп өту уақыты 2,5-3 сағатқа дейін қысқарады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты. Ведомство басшысы Атырау облысына жұмыс сапарымен барып, құрылыс жұмыстары барысын тексерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
«Атырау облысында «Атырау-Астрахан» жобасы аяқталуда. Қайта құру жұмыстарымен қамтылған жолдың жалпы ұзындығы 212 шақырымды құрайды. Мердігерлер асфальттың соңғы жоғарғы қабатын төсеуде. Құрылысқа 612 маман мен 408 арнайы техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Қазір бұл жолмен тәулігіне 5 мыңға жуық автокөлік өтсе, жол пайдалануға берілгеннен кейін көлік қарқындылығы 75% - ға артады деп күтілуде.
Көп оқылған
11.07.2026, 08:23
Тараздағы перзентханада бес баланың анасы көз жұмды: туыстары тергеу жүргізуді талап етті
11.07.2026, 07:26
Аптап ыстық Қазақстанды шарпиды: 11 шілдеге арналған ауа райы болжамы
11.07.2026, 13:04
Бурабайда электрлі рикша қоршауға соғылды: зардап шеккендер бар
11.07.2026, 10:00
Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды