Маңғыстау облысында сауықтыру кешенін салуға берілген жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Azattyq Rýhy

Учаскенің кадастрлық құны 3,1 млрд теңгені құрайды

Маңғыстау облысында сауықтыру кешенін салуға берілген жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Фото: istockphoto.com

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті жоспардан тыс тексеру кезінде сауықтыру кешенін салуға арналған ауданы 3 457 га жер учаскесі Жер Кодексінің 43-бабының нормаларын бұза отырып, жеке меншікке берілгенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы Қарақия ауданының «Коса Ада» аумағында орналасқан учаскенің кадастрлық құны 3,1 млрд теңгені құрайды.

Атап айтқанда, жер учаскесі жер комиссиясының қарауынсыз және жерге орналастыру жобасын жасамай ресімделгені анықталды.

«Жер ресурстарын басқару комитеті аумақтық бөлімшесінің өкілдері өз өкілеттіктері шеңберінде Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді. Сот шешімімен талаптар толығымен қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.