$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ертіс Орманындағы» ұрлық: Антикор тергеу аяқталғанын хабарлады

Лауазымды тұлғалар 153 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған 

«Ертіс Орманындағы» ұрлық: Антикор тергеу аяқталғанын хабарлады
Фото: lmn.in.ua

Павлодар облысында «Ертіс Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Күдіктілер аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырумен және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланумен байланысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу бойынша айыпталды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды», - деп хабарлады Антикор.

Шарбақты ауданының аумағында «Ертіс Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының бас директоры бастаған ұйымдасқан қылмыстық топ 2022 жылдың сәуірі мен 2023 жылдың желтоқсаны аралығында технологиялық және отын ағаштары түріндегі іскерлік сүректі заңсыз сату арқылы шамамен 153 млн теңге сомаға орман ұрлаған. Ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары соттың санкциясымен қамауға алынды.

Осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын «Семей Орманы» басшылығы сотталған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары