13.07.2024, 18:55
Жаңалықтар
Балалардың судағы қауіпсіздігі: құтқарушылар үндеу жасады
Тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды
Фото: istockphoto.com
ҚР ТЖМ балалардың судағы қауіпсіздігі бойынша ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мынандай ескерту жасады: Балаларды суға жібермеңіздер және оларды қараусыз қалдырмаңыздар. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар.
Судағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері:
- шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
- тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
- қалқымалардан аса жүзуге болмайды;
- мас күйінде суға түспеңіз;
- су көліктеріне жақын жүзбеңіз.
«Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз!» – делінген хабарламада.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
