Астанада жол жөндеу жұмысына байланысты төрт автобустың бағыты өзгерді

Автор: Azattyq Rýhy

CTS қала тұрғындарына қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау қажет екенін мәлімдеді

Фото: freepik.com

Астанада жол жөндеу жұмысына байланысты төрт автобустың бағыты өзгергені белгілі болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №10, 201, 60, 61 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – деп жазды «City Transportation Systems» ЖШС.