Димаш Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады

Azattyq Rýhy

Трек музыкалық платформаларға 5 шілдеде шықты

Димаш Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Джеки Чанның көптен күткен жаңа фильмі «Аңыз» 12 шілде күні прокатқа шықты. Фильмнің соңында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Бұл махаббат» саундтрегі шырқалады. Трек музыкалық платформаларға 5 шілдеде шықты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Dimashnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Джеки Чанның өзі басты рөлді сомдаған жаңа фильмнің тарихы археолог Джек туралы және оның шәкірттерімен бірге арман әлемі мен шындық арасында көпір қызметін атқаратын артефактты қалай тапқаны жайында баяндайды. Археолог мұздық қазбалары кезінде табылған жәдігерлердің текстурасы түсінде көрген нефрит кулонын еске түсіретінін байқайды.

«Бұл махаббат» әнін Джеки Чанмен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген Оскардың музыкалық төрешісі, маэстро Натан Ванг жазған. Жаңа ән – Ван мен Димаштың үшінші бірлескен туындысы.

2020 жылы Димаш «Авангард» фильміне «Бақытты» саундтрегін орындаған», – деп жазады dimashnews.com.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.