$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақ тілінің орфографиясын жүйелеу маңызды: арнайы комиссия құрылады

Комиссия ғылыми негізделген нұсқада қазақ тілінің емлесін әзірлейді

Қазақ тілінің орфографиясын жүйелеу маңызды: арнайы комиссия құрылады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Елімізде республикалық орфографиялық комиссия құрылады. Тіл саясаты комитеті «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құжат 23 шілдеге дейін жария талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереже мынадай мазмұндағы тармақшамен толықтырылады:

«Республикалық орфография комиссиясын құру және оның қызметін қамтамасыз ету».

Комитет қазіргі кезеңде қазақ тілінің орфографиясын жүйелеу аса маңызды мәселе екенін айтты. Осыған байланысты ғылыми негізделген нұсқада қазақ тілінің емлесін әзірлеу және бекіту үшін арнайы орфография комиссиясын құру қажет.

«Бұл міндет ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы қаулысымен бекітілген ҚР-да тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 3-бөлімінде көзделген», - делінген негіздемеде.

Серіктес жаңалықтары