Психикалық ауруы бар ақтөбелік күзетшіге шабуыл жасады

Azattyq Rýhy

Оқиға Пацаев көшесіндегі жеке клиникада болды

Психикалық ауруы бар ақтөбелік күзетшіге шабуыл жасады
Фото: istockphoto.com

Психикалық ауруы бар Ақтөбе тұрғыны медициналық орталықтың күзетшісіне шабуыл жасады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Пацаев көшесіндегі жеке клиникада болды.

Мас күйінде ер адам медициналық орталыққа кіріп, кассирден ұялы телефонын тартып алды. Артынша кассирге көмекке келген күзетшіге жұдырық ала жүгірді. Ол күзетшіні бетінен және басынан ұрыпты. Орнынан тұруға тырысқанда тағы бір соққы жасады.

Ер адамға бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейінірек айыпталушы «параноидты шизофрения» психикалық ауруымен ауыратыны белгілі болды және шабуыл кезінде өз әрекетін түсінбеген.

Осыған байланысты оған жалпы типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу тағайындалды. Жәбірленуші айыпталушыны кешірді және оған ешқандай талап қойған жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.