Туристерді жол талғамайтын көлігімен бірге су ағысы алып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарушылар туристерге көмекке келді

Фото: ҚР ТЖМ

Ескелді ауданындағы Қора шатқалында Текелі қаласынан 28 шақырым жерде ТЖМ құтқарушылары екі ер адамды құтқарды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай олар жол талғамайтын көлікпен өзеннен өту кезінде оларды қатты су ағысы алып кеткен.

«Құтқарылғандардың барлығы Текелі қаласына жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз!» - делінген хабарламада.