Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Құттықтау Х парақшасында жарияланды

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Х парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

– Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін! – деп жазды Мемлекет басшысы.