«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы: Астанада қалалық турдың жеңімпаздары марапатталды
Елімізде бұл байқау 2013 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді
Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық турының жеңімпаздарын марпаттау рәсімі өтті. Іс-шара «Жастар» сарайында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға, адамгершілік қасиеттерді жандандыруға бағытталған.
Айта кетейік, жалпы елімізде бұл байқау 2013 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Ал байқаудың республикалық деңгейдегі нәтижесі жыл сайын қыркүйек айында Отбасы күні мерекесі қарсаңында өтеді. Бұл күні еліміздің барлық өңірінен үздік деп танылған 20 отбасыға «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаты атағы беріледі.
Сонымен қалалық байқаудың қортындысы бойынша Алматы ауданынан «Үлгілі отбасы» номицациясының иегері – Сатыбаевтар отбасы болса, «Өнегелі отбасы» номинациясымен Широкорадовтар отбасы марапатталып, жеңімпаз Сәмек әулеті болды.
Байқоңыр ауданы бойынша Красниковтер шаңырағы «Салауатты отбасы» номинациясына ие болса, Көптілеу әулеті «Ұлағатты отбасы» деп танылды.
Ал Қуановтар отбасы Байқоңыр ауданы бойынша жеңімпаз деп бағаланды.
Есіл ауданының номинаттарының ішінен «Қайсар отбасы» номинациясына Рахимжановтар шаңырағы лайық деп табылса, Базарбай әулеті «Зерек отбасы» номинациясына ие болды. Жеңімпаз – Свановтар отбасы деп танылды.
Сондай-ақ, Сарыарқа ауданы бойынша ең патриот отбасы – Дауыл отбасы болса, ең парасатты отбасы Нурбалиндер жанұясы, жеңімпазы – Сембаевтар әулеті болды.
Нұра ауданы бойынша арнайы аталымға ие болған Бибосыновтар отбасы болса, аталған ауданның ең дарынды отбасы номинациясы Ермағанбеттер жанұясына берілсе, бұл аудан бойынша жеңімпаздық Қонақбаевтар отбасына бұйырды.
Ал мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққан Әділбаевтар отбасы Астана қаласы бойынша жеңімпаз деп танылып, «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық байқауының Республикалық сайысына жолдама алды.
Бұл отбасы ұлттық құндылықтарды басты назарда ұстап, отбасының ең басты құндылықтары ретінде ұлттық спорт, ұлттық киім, ұлттық тағамды көрсеткен. Аталған отбасының балалары да осы бағытта тәрбиеленіп, қоғамға ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүр.