Новости спорта, футбол, КПЛ

Елордада белсенді өмір салтын ұстанушылар енді далада жаттығу жасай алады

Бірақ спортпен айналысатын тұрғындар қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс

Елордада белсенді өмір салтын ұстанушылар енді далада жаттығу жасай алады

Нұр-Сұлтанда спорт алаңдарында жүгіруге және жаттығу жасауға рұқсат берілді. Алайда, атлеттер осыған дейін айтылған шектеу шараларын сақтауы керек, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Таңғы сағат 6-дан бастап аулада және оның айналасында, немесе өзі тұратын үйге жақын маңда спортпен шұғылдануға және жүгіруге рұқсат етіледі. Бұл шектеу шаралары адамдардың өзара байланысын азайтып, осылайша коронавирус инфекциясының таралуын төмендету үшін қолданылады», - делінген аталған хабарламада.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін созды. Десе де, 1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы әуе қатынасы жанданады. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент тұрғындарына аулаға шығуға рұқсат берілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.