Қызметкерлер алтыншы жұмыс күні үшін 40% үстемеақы немесе жексенбіде жұмыс істесе 115% үстемеақы алады
Бұл шара күтілгендей наразылық туғызды – себебі Еуропаның басқа елдерінде керісінше, төрт күндік жұмыс аптасына ауысу туралы айтылуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Дүйсенбіден бастап (1 шілде) грек кәсіпорындары өз қызметкерлеріне 6 күндік жұмыс аптасын енгізе алады. Мұндай өзгеріс тәулік бойы 7 күн қызмет көрсететін немесе «төтенше жүктеме» жағдайында жұмыс істейтін фирмаларға қатысты. Осылайша, қазіргі 40 сағаттық жұмыс аптасы гректер үшін 48 сағатқа дейін ұлғаюы мүмкін:
«Егер жұмыс беруші "Осылай жұмыс істейсің немесе жұмыстан шығасың" десе, сіз ештеңе істей алмайсыз. Бұл Грекия».
«Біз өткенге ораламыз. Бұл шара ештеңе бермейді. Ол персонал жетіспейтін кәсіпорындардың проблемаларын шешпейді», - дейді халық.
Бұл шара күтілгендей наразылық туғызды. Көптеген адамдар бұл жұмысшылардың құқықтары шектелген уақытқа қайта оралу деп санайды – ал Еуропаның басқа елдерінде керісінше, төрт күндік жұмыс аптасы туралы айтылуда.
Қызметкерлер алтыншы жұмыс күні үшін 40% үстемеақы немесе жексенбіде жұмыс істесе, 115% үстемеақы алады. Дегенмен, көпшілігі, әсіресе жастар, денсаулық пен жеке өмірді бірінші орынға қоюда.
Еуростаттың 2023 жылғы деректері Грекияда аптасына жұмыс уақытының орташа ұзақтығы 39,8 сағат екенін көрсетеді – бұл Еуропалық Одақтағы ең жоғары көрсеткіш (Польша мен Кипр одан кейін). Еуропадағы орташа көрсеткіш – 36,1 сағат, ал ең аз жұмыс істейтін ел Нидерланды – аптасына 32,2 сағат.