$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.04.2020, 00:29
Жаңалықтар

Қазақстанда 16 мың адам төтенше жағдай режимін бұзған

Оның ішінде 12 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстанда 16 мың адам төтенше жағдай режимін бұзған
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 16 мың адам ұсталды. Бұл туралы тікелей эфирде өткен конференцияда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 16 мыңнан астам азамат ұсталды. Оның ішінде 12 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 4 мыңнан астам материал сотта қаралып жатыр», - деді министр.

Сонымен қатар Дәурен Абаев ІІМ инфекция жұқтырғандармен байланыста болған азаматтарды анықтау және табу жұмысын жүргізіп жатқанын айтты. Министрдің мәліметінше, полиция 6,5 мыңнан астам адамның орналасқан жерін анықтаған. Қазір 7 адам іздестіріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары