Атырау облысы үлкейеді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы премьер-министр қаулысының жобасында айтылған

Фото: gov.kz

Атырау облысын үлкейту жоспарлануда. Бұл туралы премьер-министр қаулысының жобасында айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жалпы ауданы 3 954 015,300 гектар Каспий теңізіндегі Атырау облысының шекарасы мен Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі арасындағы жерді Атырау облысының аумағына енгізу арқылы Атырау облысының шекаралары өзгертілсін», - делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта.

Қаулы жобасы 15 шілдеге дейін талқыланады.

Түсіндірме жазбада облыс шекараларын өзгерту мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейтіні және теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайтыны нақтыланған.