Google Translate-ке бес түркі тілі қосылды

Azattyq Rýhy

Ал ана тіліміз Google аудармашы тізімінде 2014 жылдан бері қолданыста

Google Translate-ке бес түркі тілі қосылды
Фото: istockphoto.com

Өткен аптаның соңында Google Translate жаңартылып, жасанды интеллект көмегімен онлайн аудармашыға бірден 110 жаңа тіл қосылды. Компанияның хабарламасында айтылғандай, жаңарту 614 миллионнан астам адамды немесе жер тұрғындарының шамамен сегіз пайызын қамтып өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Олардың кейбірі - 100 миллионнан астам сөйлеушісі бар негізгі әлемдік тілдер. Кей тілдер жергілікті шағын қауымдастықтарда ғана қолданыста. Ал кей тілді пайдаланушылар жоқ, дегенмен, тілдік дәстүрді жандандыру бойынша жұмыс жүріп жатқан категорияда», - деп хабарлады Google.

Google Translate-ке енген жүздеген жаңа тілдің ішінде бес түркі тілі бар – башқұрт, чуваш, якут, тува және қырым-татар тілдері.

Айта кетейік, биыл қазақ тілінің Google Translate-ке қосылғанына он жыл толды, ана тіліміз Google аудармашыға 2014 жылы қосылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.