$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.04.2020, 21:41
Жаңалықтар

Еліміздің 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Дабылды ескертулердің ықтималдылығы 95-100%

Еліміздің 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның екі қаласы мен алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. 

28 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде, Көкшетау қаласында қатты жаңбыр жауады, тұман, найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында да 28 сәуірде күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

28 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде, Түркістан қаласында күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Шымкент қаласында 28 сәуір күннің екінші жартысында қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Сонымен қатар дәл осы күні Қызылорда облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды. 28 сәуір күні өңірдің кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Орал қаласында желдің екпіні секундына 18 метрге жетуі ықтимал. 

Дабылды ескертулердің ықтималдылығы 95-100%.

Серіктес жаңалықтары