$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алаяқтар Аида Балаеваның атынан хабарлама таратып жатыр

Министрлік көпшіліктен абай болуды сұрайды

Алаяқтар Аида Балаеваның атынан хабарлама таратып жатыр
Фото: depositphotos.com

Соңғы уақытта Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан мәдениет қайраткерлеріне түрлі мәселелер бойынша хабарламалар келіп түскен жағдайлар жиілеп кеткен. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мұндай хабарламалар алаяқтардың ісі екенін мәлімдейміз. Аида Балаева мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары арқылы жібермейді. Сіздерден абай болуды және хатқа жауап бермеуді сұраймыз», - делінген хабарламада. 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламалар алған жағдайда төмендегідей әрекет етуді ұсынады: 

1. Келген хатты елемеу, хатқа жауап бермеу.

2. Алаяқтық фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлау.

«Азаматтардың мүддесін қорғау – біздің басты міндетіміз. Біз алаяқтық әрекеттерін болдырмауға және кінәлілерді жауапқа тартуға бар күшімізді саламыз», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары