Павлодар облысында жас полицей өзіне өзі оқ атты

Azattyq Rýhy

Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр

Павлодар облысында жас полицей өзіне өзі оқ атты
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында жас полицей өзіне өзі оқ атты. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, ауыр жарақаттанған тәртіп сақшысы қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Полиция департаменті аталған оқиға бойынша тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Павлодар облысының Ертіс ауданында жас полицей өзін өзі табельдік тапаншамен ауыр жарақаттаған. 2022 жылғы туған жігіт қазіргі сәтте жансақтау бөлімінде жатыр.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған фактіні растады.

«Аталған оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Істің мән-жайлары мен себептері анықталады. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде», - деді полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.