Қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турнирінде кімдермен ойнайтыны белгілі болды

Azattyq Rýhy

Матч 3 шілде күні Астана уақытымен сағат 15.00-ге белгіленген

Қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турнирінде кімдермен ойнайтыны белгілі болды
Фото: yarnovosti.com

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Анна Данилина қытайлық Сюй Ифаньмен бірге 1/8 финалда Польша өкілдері Магдалена Френх – Катажина Кавамен шеберлік байқасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Prosport.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл матч 3 шілде күні Астана уақытымен сағат 15.00-ге белгіленген.

Қазақстанның ерлер арасында жұптық сындағы бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Александр Недовесов осыған дейін Истбурн ATP 250 турнирінде румыниялық Влад Виктор Корнямен бірге ойнап көріп еді, бірақ ол сәтті бола қойған жоқ. Сондықтан шығар, А.Недовесов Уимблдонда көптен бірге өнер көрсетіп жүрген эквадорлық Гонсало Эскобармен қайта жұптасады. Олар бастапқы кездесуін испаниялықтар Роберто Карбалес Баена – Пабло Карреньо-Бустамен өткізеді.

Александр Бублик пен Александр Шевченко үндістандық Юки Бхамби – франциялық Албано Оливеттиден өтуге тырысып көреді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.