Құтқарушылар Алакөлге патрульдеу жүргізген
ТЖМ қызметкерлері Алакөл көлінде 5 адамды құтқарып қалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жағалау аймағын қайықпен патрульдеу кезінде құтқарушылар катамараннан суға түскен ер адамдарға судан шығуға көмектесті.
Кейін олар жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады. Адамдар су көлігін басқара алмаған.
«ТЖМ азаматтардан судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды», – делінген хабарламада.