$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында мас адам шөлмектесін пышақтап өлтірген

Ол осы қылмысы үшін 10 жылға сотталды

Павлодар облысында мас адам шөлмектесін пышақтап өлтірген
Фото: depositphotos.com

Павлодар облысында ер адам масаң күйде адам өлтіргені үшін сотталды. Ол шөлмектесінің кеудесіне пышақ сұққан. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, 28 маусым күні сот залында адам өлтіру фактісі бойынша У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

«2024 жылдың 2 наурызында кешкі уақытта пәтерде У. мен Ш. арасында өзара жанжал туындады. Осыған байланысты У. масаң күйде болып Ш.-ны өлтіруге шешім қабылдады. Осы мақсатта У. үйдің баспалдақ алаңына Ш.-мен сөйлесуге шығып, өзімен бірге асхана пышағын алған. Баспалдақ алаңында болған кезде У. қарама-қарсы тұрған Ш.-ның кеудесінің сол жақ тұсынан пышақ сұққан. Ш. пышақ жарақатынан сол жерде қайтыс болды», – делінген хабарламада.

У.-дің кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдермен дәлелденді.

«Кінәні мойындағанын ескере отырып, сот У.-ға қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ, У.-ға психоактивті заттарға тәуелділікті мәжбүрлеп емдеу тағайындалды», – делінген хабарламада.

Жәбірленушілердің пайдасына, яғни жәбірленушінің жұбайы мен қызына 5 миллион теңгеден моральдық залал өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары