Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Республика бойынша жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдағы тәулікте Қазақстан аумағында ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді: жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек ҚР оңтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.
Күндіз Абай, Жетісу, Алматы, Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады.
Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.
Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады, Ақмола облысының шығысында жоғары өрт қаупі болады күтіледі.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, батысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады7