Аталған учаскеде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыс жүргізіледі
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа даңғылы мен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жөндеу жұмысына байланысты 28-30 маусым аралығында жоғарыда аталған қиылыс ішінара жабылады.
Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.