Елордада кей көшелерде көліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Azattyq Rýhy

Бұл Астанада өтетін ШЫҰ саммитімен байланысты

Елордада кей көшелерде көліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
Фото: Астана қаласы әкімдігі

ШЫҰ саммитіне дайындық кезеңінде 28 маусымнан бастап қаланың жекелеген көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап.

Дайындық іс-шаралары арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалану арқылы жүргізіледі.

«2-4 шілдеде «Есіл», «Нұра» және «Алматы» аудандарында осындай шектеулер енгізілетін болады. Осыған байланысты, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.