12 жылдан бері Қазақстанда құжатсыз жүрген шетелдік еліне қайтарылды
Қазіргі таңда ол өз үйінде
Полиция 12 жылдан бері Қазақстанда құжатсыз жүрген шетелдікті еліне қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының аумағында жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері паспорттың жоғалуы себебінен ҚР қолданыстағы заңнамасын бұза отырып, 12 жылдан астам елде өмір сүрген Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. Шетелдік азамат Қазақстанға 2012 жылдың желтоқсанында жұмыс істеуге келген, алайда өзінің елде болуын заңдастырмай, Қазақстанның әртүрлі аймақтарында тұрып, жеке басын куәландыратын құжаттарын белгісіз жағдайда жоғалтқан.
Шетелдіктің құқықтық мәртебесін айқындау мақсатында Ақтөбе облысының полиция департаменті қызметкерлері Өзбекстан Республикасының құзыретті органдарымен байланыс орнатып, оның Өзбекстан азаматы екені растады. Әрі қарай полицейлер шетелдік азаматқа құжатты рәсімдеді. Осыдан кейін көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін өзбекстандық азамат сот қаулысының негізінде Қазақстан Республикасынан шығарылды. Қазіргі таңда ол өз үйінде.