Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Республика бойынша жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгінге, 27 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағы арқылы жылжып, соның әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Елдің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр бар.
Тек шығыста, орталықта, Түркістан, Павлодар, Жетісу облыстарында негізінен жауын-шашын жаумайды.
Республика бойынша жел күшейеді.
ҚР батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде дауыл соғып, бұршақ жауады.
Күндіз Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында аптап ыстық болады.
Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысында, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау, Абай облыстарында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, шығысында күн өте қатты ысиды.
Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу, Ұлытау, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Атырау облыстарында төтенше өрт қаупі бар.