Бірнеше өңірде күн күркіреп, жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК Астана және Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамына қарағанда, 25 маусым күні Астана, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан, Алматы Жетісу облыстарында күн күркірейді.
Ұлытау, Қызылорда облыстарында жел күшейеді.
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай Абай облыстарында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында нөсер жауын мен бұршақ жаууы мүмкін.