24.06.2024, 02:00
Жаңалықтар
Қытайдағы тасқын: 14 қала мен 800 елді мекенді су басқан
Ал синоптиктер алдағы күндері нөсер әлі толастамайтынын ескертеді
Фото: russian.news.cn
Қытайдың оңтүстігіндегі Хунань провинциясында қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оған нөсер соңына ұласқан тасқын себеп. Мұнда кейінгі тәулікте рекордтық мөлшерде жаңбыр жауған. Содан 15 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. 14 қала мен 800 елді мекенді су басқан. Аймақта көлік қозғалысы қиындаған.
Ал синоптиктер алдағы күндері нөсер әлі толастамайтынын ескертеді. Жалпы көрші елдің шығысы мен оңтүстігіндегі су тасқынынан 38 адам опат болған. Екі мыңнан аса үй бүлінген. Әсіресе, ауыл шаруашылығына зор шығын келді.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды