Бір полиция қызметкері қаза тауып, біреуі жараланды
Дағыстан ІІМ 23 маусымда қарулы адамдар Дербенттегі синагога мен шіркеуге оқ жаудырды деп хабарлады. Сондай-ақ, белгісіз адамдар Махачкаладағы DPS постына шабуыл жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомствоның хабарлауынша, Дербентте сағат 18:00 шамасында автоматты қарудан белгісіз адамдар синагога мен шіркеуге оқ жаудырған.
«Алдын ала ақпарат бойынша, бір полиция қызметкері қаза тауып, біреуі жараланған. Күдіктілер жасырынған көлік анықталды: ақ түсті «Фольксваген Поло», мемлекеттік нөмірі – 921», - делінген хабарламада.
Қаза тапқан және жараланған полиция қызметкерлері туралы ақпарат нақтыланады.