Әйел адам құтқарылды
Оқиға Абай облысының Курчатов қаласында болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, өрт сөндірушілер Жұмағазин Жанғазы мен Оспанов Әдлет қалалық жағажай аумағында жаяу патрульдеу жүргізу кезінде көмек сұраған дауыстарды естіген еді.
Құтқарушылар дереу көмекке келіп, 1976 жылы туған әйел адамды суға батып кетуден құтқарып қалды.
«Құтқарылғанның жағдайы тұрақты, медициналық көмекті қажет болмады.
ТЖМ азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады», – делінген хабарламада.