Президент: Қоғамда полиция қызметкерлеріне зор жауапкершілік жүктеледі
Мемлекет басшысы кәсіби мерекемен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полицейлерді кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент қоғамда полиция қызметкерлеріне қойылатын талап жоғары екенін мәлім етті.
«Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздер заң пен тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға елеулі еңбек сіңіріп келесіздер.
Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздер антқа адалдықтың және жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды», – деді Президент.
Ол өз сөзінде тәртіп сақшылары «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға үлес қосатынын атап өтті
«Сіздердің әділетті мемлекет пен берекелі қоғам құруға өлшеусіз үлес қосып, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға атсалыса беретіндеріңізге сенемін.
Әрдайым абырой биігінде болыңыздар!
Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін!» – деді Президент.