БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан төрт адам мерт болды
Тағы екі жолаушы ауыр дене жарақатын алды
Батыс Қазақстан облысындағы тас жолда 22 маусымда екі көлік соқтығысқан. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы екеуі зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті «Мой город» порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап жазғандай, жол апаты таңертең Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылының маңындағы Самара – Шымкент автожолында болған.
«43 жастағы «Лада Приора» жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Мазда» көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші де, екі жолаушы да сол жерде қайтыс болды. Тағы екі жолаушы ауыр дене жарақатын алды», - делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша «көлік құралын басқаратын адамның жол жүру ережелерін бұзуы, абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырғаны» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны атап өтілді.