Петропавлда суға батып кеткен 10 жасар баланың денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Фото: istockphoto.com

Петропавлда Есіл өзеніне шомылуға барып, батып кеткен 10 жасар баланың денесі қала маңындағы елді мекендердің бірінің жанынан табылды. Бұл туралы СҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖД мәліметінше, суға кеткен баланың денесін іздеуге бүгін таңғы сағат 8.30-дан кете 12 құтқарушы, екі арнайы техника, ұшқышсыз басқарылатын ұшатын аппарат және еріктілер шыққан.

«Сағат 16.00 шамасында 2014 жылы туған Саймухиддиновтың денесі Петропавлдан шамамен 20 шақырым жерден, Соколовка елді мекені маңынан табылып, судан шығарылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - делінген хабарламада.