Павлодар облысында жеңіл автокөлік өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер жоқ

Фото: ҚР ТЖМ

Бүгін таңертең Екібастұз қаласына жақын «Қызылорда-Павлодар» автожолында жеңіл автокөлік өртеніп кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 32 минут ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

«Жол көлігінде төтенше жағдай болған жағдайда 112 номеріне хабарласыңыз», - делінген хабарламада.