Жетісай ауданында білім бөлімінің қызметкерлері 4 млрд теңге жымқырған

Azattyq Rýhy

Прокуратура мәлімдеме жасады

Жетісай ауданында білім бөлімінің қызметкерлері 4 млрд теңге жымқырған
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Түркістан облысының прокуратурасы Жетісай ауданының білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі өңірлік прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеу барысында аудандық білім бөлімінің басшылығы мен есепшілері  өздерінің, сондай-ақ туыстары мен таныстарының есеп шоттарына белгіленген жалақыдан жоғары ақша аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын жасағаны анықталды. 2021-2023 жылдар аралығында мемлекетке 4 млрд теңгеден астам залал келтірілген.

«Облыс прокуратурасының арнайы прокурорлары 41 қызметкерді, оның ішінде 2 білім бөлімінің басшысын, 1 бас есепші, 2 орынбасарын және 36 есепшіні күдікті ретінде таныды.

Ауданның бұрынғы және қазіргі білім бөлімінің басшылары ұстау изоляторына жабылып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қазіргі уақытта қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастырудың барлық мән-жайлары мен фактісін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жариялануға жатпайды», – делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.