Киевте Айдос Садықовқа қастандық жасаған күдіктілердің бірі Қазақстанда ұсталды

Azattyq Rýhy

Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Киевте Айдос Садықовқа қастандық жасаған күдіктілердің бірі Қазақстанда ұсталды
Фото: Aidos Sadykov / X

Бас прокуратура Киевте қастандық жасалған Айдос Садықовқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратурамен осы жылдың 18 маусымында Киев қаласында орын алған А. Садыковты өлтіруге оқталу дерегі боынша қылмыстық іс тіркелген.

«Украинаның құқыққорғау органдары жеделдігі мен кәсібилігін көрсете отырып, қысқа мерзімде осы қылмысты жасаған тұлғаларды анықтады.

Бас прокуратура Украинаның құзіретті органдарына Жаканбаев пен Каратаевтың жасалған қылмысқа қатыстылығы туралы қылмыстық істің материалдарын беру туралы халықаралық тергеу тапсырмасын жолдады», – делінген хабарламада.

Осы жылдың 21 маусымында А.М. Жаканбаев Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына өз бетінше хабарласып, одан істің мән-жайы бойынша жауап алынды. Сол күні ол осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды.

М.Каратаевтың тұрған жерін анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

Тергеудің мүддесіне орай басқа ақпарат жарияланбайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.