Тоқаев білім алған қытайлық университет филиалы Астанада ашылады

Автор: Azattyq Rýhy

Жаңа университет филиалы ЭКСПО аумағында орналасқан

Фото: istockphoto.com

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Бейжің Тіл және мәдениет университетінің Астанадағы филиалы ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл ЖОО-да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қытай тілін үйренген.

«ҚХР төрағасының сапары аясында бізде Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылады. Бұл –Қытайдың лингвистикалық, аударма және педагогикалық жетекші университеті. Оны "Қытайдағы БҰҰ" деп те атайды. Бұл университеттің бас түлегі – біздің Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы. Президент сол жерде қытай тілін үйренген. Ресми ашылу шілде айының басында болады және мұнда алғашқы HSK сертификаттау орталығы ашылады. Бұл – TOEFL немесе IELTS сияқты қытайлық сертификат. Сондықтан қытай тілін үйренетіндерге ешқайда барудың қажеті жоқ, Астанада сынақ тапсыра алады», - деді министр Саясат Нұрбек.

Жаңа университет филиалы ЭКСПО аумағында орналасқан.