Астанада Сарыарқа және Ұлы Дала даңғылдары жабылады

Azattyq Rýhy

Қолайсыздық шамамен он тәулікке жалғасады

Астанада Сарыарқа және Ұлы Дала даңғылдары жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Астанада Сарыарқа және Ұлы Дала даңғылдары жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ұлы Дала даңғылының Мәңгілік Ел даңғылынан Әлихан Бөкейхан көшесіне дейінгі учаскесінде орташа жөндеу жүргізілетінін хабарлады. Сонымен қатар Сарыарқа даңғылының Тұлпар көпірінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі бөлігінде де жөндеу жүреді.

Осыған байланысты Ұлы Дала даңғылының аталған бөлігі 20-23 маусым аралығында ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша, екі бағытта да қамтамасыз етіледі.

Ал Сарыарқа даңғылының осы учаскесінде 20-30 маусым аралығында көлік қозғалысына тыйым салынады. Қозғалыс тараптардың бірі бойымен екі бағытта да қамтамасыз етілмек.

«Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауын сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысына түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз», - дейді әкімдіктен. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.