Қазақстан Паралимпиадаға тағы бір жолдама алды

Azattyq Rýhy

Зульфия Габидуллина бұған дейін де Ойындардың чемпионы атанған

Қазақстан Паралимпиадаға тағы бір жолдама алды
Фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы

Пара жүзуден Паралимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Габидуллина XVII жазғы Паралимпиада ойындарына жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Зульфия Габидуллина 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Ойындарда чемпион атанған еді. Енді, міне, спортшы ел тарихында төртінші рет Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.

«Бұл – еліміздің Паралимпиада ойындарына 14-лицензиясы. Бұған дейін жолдаманы пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, пара таеквондодан Нұрлан Домбаев, Камиля Досмалова, Нышан Өмірәлі, пара каноэдан Спатай Бибарыс пен Жаныл Балтабаева, пара үстел теннисінен Али Махулбеков пен пара жүзуден құрама үш жолдама алған», - делінген хабарламада.

XVII жазғы Паралимпиада ойындары тамыздың 28-і мен қыркүйектің 8-і аралығында Парижде өтеді.

Жарыс спорттың 23 түрінен ұйымдастырылады. Лицензиялық жарыстар әлі жалғасып жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.