Бүгін өңірлерде аптап ыстық пен жаңбыр күтіледі
Кей аймақта найзағай ойнауы ықтимал
Бүгін еліміздің солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.
ҚР аумағының қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктер өз ықпалын сақтайды: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, батыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде бұршақ түсіп, қатты жел тұрады деп күтіледі.
Алматы облысы
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай, бұршақ күтіледі. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Алматы қ.: 19 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 19 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысы
Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталықта жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Орал қ.: 19 маусымда түнде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. 20 маусымда жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 25 м/с. Петропавл қ.: 19 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 20 маусымда найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Жетісу облысы
Күндіз Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 19 маусымда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с
Ақтөбе облысы
Күндіз Ақтөбе облысында найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Ақтөбе қ.: 19 маусымда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысы
Күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 30 м/с және одан аса.
Атырау облысы
Түнде Атырау облысының батысында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Атырау қ: 19 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с.
Абай облысы
Түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың шығысында, орталығында екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сакталады. Семей қ.: 19 маусымда жел солтүстіктен соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың шығысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 19 маусымда найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Ұлытау облысы
Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 19 маусымда жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 16 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысы
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.