Коммуналдық қызметке арналған 15 мың теңге қашан төлене бастайды?
Астанада 54 мыңдай адамға 15 мың теңгелік коммуналдық төлемді беріледі
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қаладағы коммуналдық төлемге арналған 15 мың теңге көлеміндегі көмек жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
Оқи отырыңыз: Тұрғындардың коммуналдық қарызын өтеп беруге Үкімет 50 млрд теңге жұмсамақ
«Қазір үкімет тарапынан тиісті нұсқау ережесі шықты. Сол ережеге сәйкес, біз штабпен бірге осы мәселені қарастырып жатырмыз. 54 мыңдай адамға 15 мың теңгелік коммуналдық төлемді беру мүмкіндігі қарастырылуда. Бүгінгі таңда біз электрондық жүйені Smart Astana арқылы жасағымыз келіп отыр. Бір-екі күн ішінде тиісті шараны атқарып, ақпарат құралдары арқылы хабар береміз», – деді Бақтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.