Бүгін республиканың басым бөлігінде күн ыстық болады

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің бас қаласында күн бұлттанып, найзағай күтіледі

Фото: istockphoto.com

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы 30-дан жоғары болады. Кей аймақта найзағай ойнауы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алматы облысы

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с. 16 маусымда облыстың басым бөлігінде жоғары, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Ақтөбе қ.: 16 маусымда күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 16 маусымда түнде найзағай күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Атырау облысы

Күндіз Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық сақталады, облыстың оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Атырау қ: 16 маусымда күндіз 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Қостанай облысы

Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай күтіледі. Қостанай қ.: 16 маусымда күндіз найзағай, 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Астана

Астана қ.: 16 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 16 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Жезқазған қ.: 16 маусымда төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Абай облысы

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Семей қ.: 16 маусымда найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 16 маусымда күндіз найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысы

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың жағалауында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 16 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысы

Жетісу облысының солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 16 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысы

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысы

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, найзағайда екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 16 маусымда күндіз найзағай күтіледі.