$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Үш адам көз жұмған»: Оралда дәмханадағы жарылыс бойынша сот отырысы басталды

Кәсіпкерге өрт қауіпсіздігін ескермей, бірнеше адамның өліміне себепкер болды деген айып тағылып отыр

«Үш адам көз жұмған»: Оралда дәмханадағы жарылыс бойынша сот отырысы басталды
Фото: astanatv.kz

Оралда дәмханадағы жарылыс бойынша сот отырысы басталды. Айта кетейік, жойқын жарылыстың салдарынан дәмханада үш адамның қаза тауып, алты азамат ауыр жараланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

Тергеу кезінде кафені жалға алған кәсіпкердің қауіпсіздік техникасын ескермегені анықталған. Бірақ сотталушының қорғаушысы мұнымен келіспейді. Өйткені жарылыстың неден болғаны әлі күнге белгісіз. Осыны алға тосқан ол кәсіпкерді қамаудан босатып, үйіне жіберуді сұрады. Бірақ өрт кезінде денесі күйіп қалған жәбірленушілер мұнымен келіспейді. 

«Газ құю стансасының басшысы да, қызметкерлері де жауапқа тартылмады. Оларды ешкім тексеріп, тергеген жоқ. Яғни, жарылыс газға лық баллоннан болуы мүмкін деген сарапшы ұйғарымын ескерсек, газ құю стансасының қызметкерлері жауапкершілікке тартылмады. Өйткені бұл жерлерде баллонға газ толтыруға тыйым салынған», - деді қорғаушы Тамара Сәрсенғалиева.

Кәсіпкерге өрт қауіпсіздігін ескермей, бірнеше адамның өліміне себепкер болды деген айып тағылып отыр. Заң бойынша мұндай қылмысқа 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгілгенген. Сот айыпталушыны үйқамаққа шығару туралы өтінішті құптамады. 

«Бізге белгілісі кінәлі азамат өз ісінің қаншалықты қауіпті екенін білсе де, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған. Бірақ соған қарамастан, осыған жол бермеймін деп өзіне сенімді болған. Сондықтан оған осындай айып тағылып отыр», - деді БҚО прокуратурасының прокуроры Ерболат Биғалиев.

Серіктес жаңалықтары