Сахнада балағат сөз айту, петицияға қол қою шегін көтеру: Балаева не деді

Azattyq Rýhy

Министр журналистер сауалына жауап берді

Сахнада балағат сөз айту, петицияға қол қою шегін көтеру: Балаева не деді
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сахнадағы «этикалық емес мінез-құлық» үшін әртістерді жазалау туралы ұсынысқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жалпы, мәдениет қайраткерлерінің миссиясы – құндылықтарды көтеру. Рухани құндылықтар, мәдениетті қалыптастыру. Егер біз сахнада алкогольдік немесе есірткілік заттарды қолданамыз деп мойындайтын болсақ, онда сахнаны құрметтеу керек деген сұрақ туындайды. Шыққан кез келген орындаушы көрермендерді құрметтеуі керек. Олар, ең алдымен, оның қалай шыққанын, сахнаға қандай күйде шыққанын қадағалап отыруы керек. Кез келген жағдайда боғауыз айтуға болмайды», - деді ол.

Министр сондай-ақ «петицияға қол қою шегі көтеріле ме» деген журналистер сауалына жауап берді.

«Біз кез келген мәселенің қоғамда алауыздық тудыруына жол бермеуіміз керек. Сондықтан тұрғындардың пікірін тыңдау маңызды. Соңғы апталарда өтініштерді қараған кезде шекті ұлғайту керек деген сұрақ туындады», - деді Балаева.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.