«Шығынын ақтамайды»: EXPO ғимараттарына қатысты тексеріс жүргізіледі

Azattyq Rýhy

Жоғары аудиторлық палата төрағасы сауалға жауап берді

«Шығынын ақтамайды»: EXPO ғимараттарына қатысты тексеріс жүргізіледі
Фото: istockphoto.com

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов EXPO ғимараттарына қатысты тексеру болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер Ә. Смайыловтан елордада кезінде салынған EXPO ғимараттарына аудит жүргізу мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.

«Салынған EXPO ғимараттары өзін ақтап жатыр ма? Себебі бұл ғимараттарды күтіп ұстау мен басқа шығындар бар», — деп сұрады тілшілер.

Өз кезегінде Жоғары аудиторлық палата төрағасы алдағы уақытта бұл бағытта тексеріс болатынын айтты.

«Қазір олардың табыстары ұлғайды. Бірақ толығымен өзін-өзі ақтап жатыр деп айта алмаймын», — деді Әлихан Смайылов.

Алайда, тілшілердің «Елдегі көлік дағдарысы үшін кім жауап беруі керек?» деген сауалына экс-премьер жауап беруден бас тартып, қолын сілтеп, брифингтен шығып кетті

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.