Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы қашан қаралатыны белгілі болды

Azattyq Rýhy

Сот отырысы Астана қалалық сотының ғимаратында өтеді

Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы қашан қаралатыны белгілі болды
Фото: t.me/Jogargy_sot

Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша кінәлі деп танылған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2024 жылғы 10 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс Астана қалалық сотына келіп түсті. Судьяның осы жылдың 11 маусымдағы қаулысымен аталған істі қарау 2024 жылғы 26 маусым сағат 10.00-ге белгіленді. Сот отырысы Астана қалалық сотының ғимаратында Астана қаласы, Әлиев көшесі, 6, В блогы мекенжайында өтеді», - делінген сот хабарламасында.

Еске сала кетейік, 13 мамырда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа үкім шығып, бірі 24 жылға, бірі 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Үкім жария етілгеннен кейін сотталғандар мен олардың қорғаушылары заңмен белгіленген мерзімде үкімге апелляциялық шағым жасады. 

Олар апелляциялық шағымында Б.Байжановты іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды, үкімнің Қ.Бишімбаевқа қатысты ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша айыптау бөлігін өзгертіп, оның іс-әрекетін өзгертілген біліктілікке сәйкес жазаны төмендете отырып, ҚК 106-бабының 3-бөлігіне қайта саралауды, сондай-ақ істі қайта қарауға жібере отырып, сот үкімінің күшін жоюды сұраған7

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.