Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Елдің басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгінге, 11 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронттар өз әсерін тигізеді.
Осыған байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. 11-12 маусым күндері жауын-шашын еліміздің шығыс аймақтарында күтілсе, 13 маусым күні Қазақстанның орталық бөліктерінде жаңбыр жауады.
Еліміздің солтүстік бөлігінде термометр бағаны +20+25 °С көрсетсе, шығыс пен орталық аймақтарды ауа температурасы +22+32°С-ден +18+26°С дейін төмендеуі мүмкін. Ал, еліміздің оңтүстік аймақатарында аптап ыстық +33+40°С-ден +25+35°С дейін төмендесе, батыс өңірінде термометр бағаны керісінше +33+40°С дейін жоғарылайды деп болжанған.